Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін  мектеп педагог-психологының 2021-2022  оқу жылындағы І-жарты жылдық есебі.

 

Мектеп педагог-психологының 2021-2022 оқу жылына  арналған жылдық жоспары жыл басында құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

Психологиялық қызметтің басым бағыттары:

- Психодиагностика;

- Психопрофилактика;

- Коррекция, дамыту және түзету;

- Кеңес беру

Мақсаты: Оқушылардың психологиялық жеке дамуына ықпал ету, әр сыныптағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау және оқу мен тәрбие жағдайын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың жалпы өміріндегі табыстарға қол жеткізу, қажетті мамандықтар таңдау дағдысын қалыптастыруға қолдау көрсету;
  2. Жасөспірім кезеңінде оқушының жеке басының дамуына қолдау көрсету;
  3. Оқушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыру.
  4. Ата-ана мен мұғалімдер арасында оқу - тәрбие үрдісінде байланысты толық жетілдіру;
  5. Тұлғаның психологиялық жеке дамуына ықпал ету, оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық – педагогикалық зерттеулермен қамтамасыз ету.

Жалпы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жыл сайын диагностика жұмыстары жүйелі жүргізіліп отырды.

 

1,5,10 сынып оқушыларының бейімделуі және қиындықтарын анықтау бойынша жүргізілген жұмысының қорытындысы.

 

Жалпы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жыл сайын диагностика жұмыстары жүйелі жүргізіліп отырады.

Жоспар бойынша жыл сайын оқушылардың 1- сыныпқа қаншалықты даярлығы, өзін-өзі емін-еркін сезінуі, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, ақыл-ой деңгейлері, қабілеттері, зейіні мен есте сақтауын және де психологиялық дайындығын анықтау мақсатында Керна - Йирасек тесті алынды.

 Тест 3 тапсырмадан тұрады.

  1. Түсінігі бойынша ер адамның суретін салу;
  2. Жазба әріптерден фразаны графикалық көшіру;
  3. Белгілі бір кеңістік жағдайында нүктелерді көшіріп бейнелеу;

Зерттеу жұмысына сыныптардағы барлық оқушы қатысты.

Сыныбы

Оқушылар

саны

Қатысқан оқушылар

Жоғары

3-6 ұпай

Орта

7-12 ұпай

Төмен

13-15 ұпай

1 «А»сыныбы

24 ( 20)

7-35

7-35

6-30

1 «Ә»сыныбы

24

13-54

9-37

2-9

1«Б» сыныбы

23 (20)

8-40

9-45

3-15

1 «В»сыныбы

25

12-48

13-52

0-0

Барлығы

89

40-44

38-42%

11-14

 

 

Оқушылардан алынған Керна - Йирасек тестінің қорытындысы төмендегідей:

Ұсыныс:

     Осы алынған бақылау тестісі бойынша әр оқушы тапсырманы әр түрлі деңгейде орындады. Жалпы оқушылардың жазу жылдамдықтары жақсы, өздерін сыныпта еркін сезінеді. Сынып жетекші ата-анамен бірлесе отырып жұмыс жасау қажет. Оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттыратын сабата әр түрлі әдістемелік жұмыстар жүргізілу керек, көрнекі құралдарды көбірек пайдалану қажет. Орташа деңгей көрсеткен оқушыларға қосымша жұмыс жүргізілуі керек. Саусақ қимыл қозғалыстарын дамытатын жазу немесе сурет салдырту қажет. Жоғары деңгей көрсеткен оқушыларға күрделірек қосымша тапсырмалар (жаттауға тақпақтар, өз ойы бойынша сурет салдыру) беру керек.Төмен деңгей көрсеткен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізу арқылы психологиялық деңгейін жетілдіру.

 

5-сынып оқушыларының негізгі сатыға өтуге байланысты бейімделу кезеңіндегі қалыптасуы.


     Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Өйткені, олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, 5-сынып бағдарламасы күрделене түседі. Сондықтан           5 сынып оқушыларының ауыспалы кезеңдегі тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерін зерттеп, кездесетін психологиялық сәтсіздіктерін болдырмаудың жолын іздеу мақсатында  оқу жылдарында  «Социометрия», (Дж Морено), «Мектептегі алаңдаушылық», (Филлипс), «Өзін-өзі бағалау» (Нюттен) тестері және ата-аналардан  «Әлеуметтік – психологиялық бейімділігін анықтау» сауалнамасы алынып отырды. Тест қорытындылары бойынша  жалпы  5 сынып оқушыларының мектептегі жалпы алаңдаушылық деңгейі қалыпты. Жоғары деңгей көрсеткен оқушылар болған жоқ. Оқушылардың сыныппен, мұғаліммен қарым-қатынасы жақсы екедігін көрсетті.
 5 – сынып оқушыларынан Филлипстің мектептегі  дегбірсіздік  деңгейін анықтау мақсатында әдістеме алынды.

 

Филлипстің мектептегі дегбірсіздік деңгейін анықтау әдістемесі.

Мақсаты: Төмен және орта буын оқушыларының мектеппен байланысты үрей деңгейін анықтау.

Барысы: Оқушыларға мектеп өмірімен байланысты олардың жай –күйлерін, сезімдерін анықтауға арналған 58 сұрақ оқылады. Оқушылар жауап беру кезінде келіссе «иә» жауабын, ал келіспесе «жоқ» жауабын жазады. Тест бойынша үрей деңгейі 8 факторға бөлінеді. Бұл 8 фактор әр оқушының ішкі эмоциялық күйін сипаттайды.

 

Факторлар:

  • Мектептегі жалпы алаңдаушылық.
  • Әлеуметтік стресті уайымдау.
  • Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілері.
  • Ойын жеткізудегі қорқыныш, үрей.
  • Білімін тексеру жағдайындағы қорқыныш, үрей.
  • Айналасынан күткен нәтижеден үрейлену.
  • Стреске төменгі физиологиялық қарсылық.
  • Мұғаліммен қарым-қатынастағы үрейлену.

Тесттегі әрбір фактор бойынша сәйкес емес сандар көрсеткіші, егер:

  • 0-50%- алаңдаушылық деңгейі төмен
  • 51-75% - алаңдаушылық деңгейі көтеріңкі
  • 75-100% алаңдаушылық деңгейі жоғары болады.

Қорытындысы:

 

  Сыныптар

1/Е-22

      М

2/Е-11

      Ә

3/Е-13

Қ

4/Е-6

      О

5/Е-6

Б

6/Е-5

   А

7/Е-5

С

8/Е-8

М

1.

5«А»

сынып -21

13-59%

1-4%

4-19%

0-0%

3-14%

0-0%

0-0%

0-0%

2.

5«Ә» сынып-19

6-31%

6-31%

3-15%

4-21%

0-0%

0-0%

0-0%

0-0%

3.

5«Б» сынып-21

11-52%

3-14%

5-23%

0-0%

2-9%

0-0%

0-0%

0-0%

4.

5 «В» сынып-17

10-58%

2-11%

3-17%

0-0%

0-0%

0-0%

0-0%

2-11%

 

Алаңдаушылық деңгейі жоғары болған оқушылардың бойындағы мазасыздық деңгейін жою мақсатында психологиялық ойындар, тренингтер жүргізілді

 

Сынып жетекшілерге  және пән мұғалімдеріне ұсыныс:

  1. Оқушылардың бейімделу кезеңіндегі психологиялық сәтсіздіктерін болдырмау мақсатында оқушыларды бақылауға алып, іс-шаралар ұйымдастырылуы қажет.
  2. Оқушының бойындағы мазасыздық деңгейін жою мақсатында психологпен бірлесе отырып, жұмыс жасау керек;
  3. Сынып жетекшілер ата-аналармен тығыз байланыста болулары керек.
  4. Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, жайлы жағдай туғызулары керек.

 

9-10-сынып оқушыларының бейімделуі және  «Ұлттық бірыңғай тестке» психологиялық тұрғыдан дайындаумен қатар  мамандық таңдауда қолдау көрсету  мақсатында жүргізілген психологтың іс-шаралары жоспар бойынша жүйелі жүргізіліп отырды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, жеке-дара тұлғалық ерекшеліктерін, агрессия күйін, жеке тұлғаның темпераментін және кәсіби қызығушылықтарын анықтау мақсатында төмендегідей тест жұмыстары алынды:

 

Л. Йовяйшидің белгілі бір мамандыққа бейімділігін анықтау әдістемесі

(Г.В.Резапкинаның модификациясы)

          

Мақсаты: Бұл әдістеме белгілі бір мамандыққа бейімділігін анықтау, бұл әдіс оқушылардың қандай кәсіптік типке жататынын анықтау үшін қажет.

 

Оқушы саны сыныбы

Адамдармен жұмыс

Зерттеу іс-әрекеті

Өндірістік жұмысқа

Іс-әрекеттің эстетикалық

Іс-әрекеттің экстрималдық

Жоспарлы экономикалық

9 «А»-21

9-42%

0-0%

3-14%

3-14%

3-14%

3-14%

9 «Ә»-20

11-55%

1-5%

3-15%

1-5%

3-15%

1-5%

9 «Б»-18

7-38%

0-0%

4-22%

3-15%

4-21%

0-0%

9 «В»-19

6-31%

0-0%

6-21%

3-15%

4-21%

0-0%

10 «А»-25

8-32%

2-8%

6-24%

2-8%

2-8%

4-16%

10 «Ә»-14

5-35%

2-22%

2-22%

1-7%

2-22%

2-22%

 

Ұсыныс:
1.Оқушылардың мамандық  таңдауға деген көзқарастарын кеңейту мақсатында

іс-шаралар жүргізілуі қажет.

2.Оқушыларды мектепішілік және қалалық іс-шараларға қатыстыру қажет.

3.Өз-өздеріне сенімділіктерін психологиялық жаттығулар арқылы  арттыру;

4.Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін мамандыққа байланысты жан-жақты мәлімет беру.

 

2021 жылдың 08 қазан күні жоспарға сай мектеп педагог-психологтары Бакирова Н.А., Андагулова П.Е  «Жаңа оқу жылын- жалынды жастық жігермен бастайық!»  атты жас мамандаремн психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты:   Педагогтардың «Мен педагог» позитивті концепциясын, коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға, жаңа ортаға бейімделуіне, басқа адамдарды түсінуге, психологиялық қолдау көрсетіп, дамыту.

Міндеті:

  • Бір – біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.
  • Психологиялық қолдау көрсету.
  • Шығармашылыққа бағыт беру.

Жас мамандармен «Танысу» жаттығуы, «Жаңбыр» сергіту жаттығуы, «Орын ауыстырайық» сергіту жаттығуы, «Болото» ойны, «Сиқырлы қобдиша» ойыны, «Стрессті шығару жаттығуы» атты ойны жаттығулар жүргізілді. Жас мамандар тернингке белсенді қатысты. Өздерін еркін ұстады. Жас мамандар тренинг толықтай көңілдерінен шыққанын жеткізді. Құрметті, жас мамандар! Осы өткізілген тренинг жұмыстарынан қандай әсер алдыңыздар? Өз ойларыңызбен бөліссеңіздер деп пікір алмасты. Бәріңізге көп - көп рахмет! Өздеріңізбен бірге жұмыс жүргізу біз үшін үлкен ғанибет. Сіздерге кәсіби қызметтеріңізде табыс тілейміз!  Кездескенше!!!дей отырып пеадгог-психологтар өз тренигтерін аяқтады.

 

14.10.2021 жылы 1 «Ә» сынып сынып оқушыларымен  «Дос болайық бәріміз» тақырыбында

тренинг жүргізілді. Мақсаты: Оқушылар бейімделу кезеңінде қолдау көрсету және  сынып оқушыларын достық қарым-қатынасын нығайту. Сонымен қоса, адам құқықтарын сақтау,өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру.Заңды сыйлауға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында «Өз құқығынды білесің бе?» атты  әңгіме, кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Өткізілген іс-шараның есебі төмендегідей.

І жарты жылдық бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық (жыныстық тиіспеушілік) әрекеттіне қатысты мектеп

педагог-психологтарының профилактикалық  жүргізілген жұмыстар бойынша ақпарат.

 

     Жоғарыда аталған тақырып бойынша 7-8-9-10-11 сыныптар арасында, оқушылардың зорлық-зомбылықтың құрбаны болудың алдын-алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты профилактикалық жұмыс атқарылды. 7 сыныптар арасында 60 оқушы, 8 сыныптардан 65 оқушы, 9 сыныптардан 70 оқушы, 10 сыныптардан 37 оқушы және де 11 сыныптар арасынан 27 оқушы қамтылды. 9 «А» және 9 «Б» сыныптарында Асинхронды форматта отырған оқушыларда Зум палтформасымен өткілген іс-шара өз деңгейінде өтті. Оқушылармен кері байланыс жасалында. Мектеп қабырғасындағы оқушылармен өткізілген іс-шараға оқушылар белсені қатысып, көптеген ақпараттармен қамтамасыз етілді.

2021 жылдың 18 қазан күні жоспарға сай 8-сынып оқушыларымен аутодеструктивті мінез-құлықының алдын ал мақсатында «Жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлықының алдын алу» атты мектеп педагог-психологы баяндама оқыды. Баяндама жеткіншектердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу, жат қылықтардан аулақ болу мақтатында өткізілді. Баяндамаға 8 «А», «Ә», «Б», «В» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар белсенді қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Жасөспімдерде аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша түсінік қалыптастырып, жан-жақты түсіндірілді.

Жоспарға сай мектеп педагог-психологтарының ұйымдастыруымен 8 сынып оқушылары мен ата-аналарына «Вейп-денсаулыққа өте қауіпті!» атты баяндаманың және «Зиянды әдеттерден аулақ болу» атты тренингтің есебі төмендегідей.

     Жоғарыда аталған тақырып бойынша 8 сынып оқушыларына 2021 жылдың 4-ші желтоқсан күні тренинг ұйымдастырылды. Тренигке 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б», 8 «В» сынып оқушылары қатысты. Тренингке ойындарына жасөспірімдер өте белсенді қатысты. Қәзіргі Вейп "эпидемиясы" белең алып жатқанын жәнеде оның адам өміріне зияны мен қауіп екенін ортаға салып, талқылады. Вейп құрылғысының ішінде жасырынған химиялық заттармен тасныстып, өлімге алып баратын қадам екенін түсінді. Видео арқылы жасөспірімдердің төсек тартып аурып, тіпіті мүгедектікке шадыққандарына көз жеткізді. Оқушылармен жүргізілген жұмыстардың ақпараты төменде берілген.

Ата-анамен жұмыстың ақпараты төмендегідей

І жарты жылдық бойынша жоспарға сай «Құқық бұзушылықтың алдын-алу жолдары»  (девиантты) мінез-құлықты оқушылармен  баяндама мектеп педагог-психологтары  мен  әлеуметтік педагог іс-шара өткізді.

Мақсаты:  оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, өз құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Оқушыларды шиеленіс жағдайдан шыға білуге үйрету, жағымсыз эмоцияны шығару, жою мақсатында  «Мен таңдаған өмір» атты тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараға  7-9 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз  ара  пікір алмасты.

 

 

 

 

Ата-аналармен мектеп педагог-психологтардыңғ ұйымдастыруымен  Жасөспірім арасындағы зорлық - зомбылықтың алдын-алу және балалар арасындағы қатыгездіктің алдын-алу мақсатында  «Жасөспірім арасындағы зорлық - зомбылықтың алдын-алу» атты баяндама оқылды. Баяндама барасында ата-анларға оқушының психологиялық физиологиялық денсаулығы туралы айтылды. Кәзіргі танда белең алып отырған сексуалдық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары бойынша сөз қозғалды. Жоғарыда айтылған мәлелелер бойынша ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті. Баяндама барысында пайдалы кеңестер алғандықтарын жеткізді.

Оқушылар арасында суицидтік мінез-құлқысының алдын алу мақсатында, жоспарға сай мектеп 7-9 және 10-11 сынып оқушыларына «Өзі-өзіне қол жұмсау  қорқынышты қауіпті қадам» атты баяндама оқылды.

Өскелең ұрпақ арасындағы аутодеструктивті және бейәлеуметтік суицидтік  мінез - құлықтың алдын алу мақсатында ата-анамен жұмыстар жүргізілді. «Оқушылар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу жолдары» атты баяндама оқылды.

«Жалпыадамзаттық құндылықтар» күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның жоспары бойынша, мектеп педагог-психолог П.Е.Андагулова «Жалпыадамзаттық құндылықтар –тұлғаны рухани адамгершілік тәрбиелеудің негізі» тақырыбында мектеп педагогтарына семинар өткізді.

Мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани-адамгершілік білім берудің негізі туралы мәліметтер бере отырып, ұстаздардың бойында ізгілік қасиеттерді бала тәрбиесімен ұштастыра білуге  бағыт беру.

Міндеттері:

  • Балалардың бойындағы рухани бастаудың көзін ашып және жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығарта білу керектігін түсіндіру.  
  • Мұғалімнің рөлі оқушының  ішкі әлеуетін, оның рухани –адамгершілік мәнін ашуға жағдай жасау.
  • Мұғалімдердің гуманистік педагог болуына ықпал ету.

Ресурстары: (материалдары, көздері) слайд.

 

«Ізгі ниеті жоқ адамның қолындағы білім, ақыл-есінен

ауысқан адамның қолындағы қылышпен тең»-

Д.И.Менделеев деп айтқан.

 

«Сыртқы дүниенің көптігі сонша бірақ жүректе ешнәрсе жоқ...»

О.Гадецкий

“Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жанды білімді аңсайды”

Ш. Амонашвили

«Кез келген шешімді оқушының өзі таба білгенін қалаймын».

М. Монтень

«Адамның адамшылығы – ақыл, ғалым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».

А. Құнанбаев

“Мұғалім-баланың бойына руханилық білім нәрін себетін басты тұлға”.

А.Байтұрсынұлы

Сана арқылы оқыту. Оқыту, ойлау, түсіну осының барлығы бес сезім мүшесі арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер. Олардың екеуі: көру мен есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады. Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де психикалық-эмоциялық реңге боялады. Бұл жерде түпкі сана өзгермейді.

Мұғалімдерге ең бастысы екі қасиет қажет:

  • Қарапайымдылығы, өз кемшіліктерін ұғыну үшін;
  • Кемелденуге ұмтылыс.

(Ертеде мұғалім балалардың алдына бармас бұрын ойларын тазалап алған).

«Баланы қалай сүю керек?»

«Балалар жоқ – адамдар бар. Бірақ түсінік ауқымы басқа, тәжірибелік қоры басқа, қызығушылығы да, сезіну де басқа».

«Ең өрескел қателік – педагогиканың адам туралы емес, бала туралы ғылым деп санайтыны. Бала сезімінің аясы үлкендерден асып түседі, яки тежелу өтелмеген. Интеллект аясында аз дегенде, оларға тең, тек тәжірибе жетіспейді».

  • Үлкендер балаларға ашуланбауы керек, өйткені бұл баланы түземейді, керісінше бұзады.
  • Дрессировкамен, қысыммен, қиянатпен қол жеткізгеннің барлығы да осал, күмәнді және сенімсіз.
  • Жағымсыз тосынсыйды қаламайтын және болуы мүмкін іске жауапкершілік ала алмайтын тәрбиеші – тиран.
  • Денсаулық – бұл басты өмір игілігі.
  • Көптеген балалар ойыны – үлкендердің байсалды әрекеттеріне еліктеу.

Семинардың қорытынды сәті.

  • Жақсы болыңыздар!
  • Жақсынәрсе туралы ойлаңыздар!
  • Жақсынәрсе айтыңыздар!
  • Жақсынәрсе тыңдаңыздар!
  • Жақсынәрсе көріңіздер!
  • Жақсынәрсе жасаңыздар!
  • Бақытқа жеткізер жол-осы! Дей отырып бүгінгі семинарымызды аяқтаймыз.

1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне арналған АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын-алу апталықта мектеп педагог-психологы: Н.А. Бакирова  «Мен таңдаған өмір»

тақырыбында 7-9 сыныптармен тренинг өткізді. Мақсаты : Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.

Педагогтар мен қызметкерлер үшін «Суицид вахтерлері»  «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу»  мақсатында өткізілген дәріс семинардың есебі.

2021-2022 оқу жылында бекітілген жоспарға сай 23 қазан күні мектеп педагог-психологтары  П.Е. Андагулова мен Н.Ә. Бакированың  ұйымдастыруымен Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті  және суицидалды мінез-құлқының алдын алу мақсатында «Суицид вахтерлері», «Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу»  атты семинар өтті. «Семинар дәрісті мектеп директоры Б.А.Куланбаева сөз алып, бастап берді. Мектеп педагог-психологы П.Е.Андагулова педагогтар мен мектеп қызметкерлін  «Суицид вахтерлі»  кім екенің, қызметі мен міндеттері жәнеде қалай әрекет ету керектігі толығымен айтылды. Дәріс барысында аутодеструктивті мінез-құлқы бар оқушыны қалай анықтау керектігі және сұрақты қалай қоюға болатындығы талқыланды. Мектеп қабырғасындағы барлық қызметкер бала өміріне толықтай жауапкершілікпен қарау керектігі және мұқияттылық пен сауаттылықпен әрекет ету керек екендігі түсіндірілді. Мектеп ұжымы толық қатысты. Жоғарыда аталған тақырып бойынша жан-жақты талқыланды. 

7-8-9 сыныптар арасында «Эмоционалды интелектіні дамыту аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу» бойынша  коммуникативті тренингтер жайлы ақпарат.

   Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу және өзінің және басқалардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту негізінде әлемге деген  сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоциясын бақылау дағдыларын қалыптастыру және айналадағы адамдармен эмоционалды өзара әрекетті дамыту мақсатында «Эмоционалды интелектіні дамыту аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында 7-8-9 сынып оқушылар арасында психологиялық тренинг өтті. «Жан жылыуы» жаттығуы,  «Жел кімге қарай соғады?» жаттығу және «Мақтану орындығы» атты жаттығулар жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар  эмоцияларын ұстап және сезімдеріне талдау жасап үйренді. Көптеген адамдар өз эмоциялары мен сезімдерін ажырата алмайтындығы талқыланды. Оқушыларға аутодеструктивті және бейәлеуметтік мінез-құлықтың алдын-алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Тренингке оқушылар белсене қатысып, бойларындағы жағымсыз эмоцияларын шығаруды үйренді. Және де жасөспірімдер аутодеструктивті мінез-құлқы бар оқушыларды қалай анықтау керек екендігін және қалай болдап, көмек қолын созу керек екендігін толықтай түсіндірілді.

9-11-сынып оқушыларға эмоция мен сезім-адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоция мен сезімдерді қалай

басқаруға болатындығын үйрету мақсатында   «Эмоция және сезімдер» тренинг оқушылармен  мектеп педагог-психологы Н.А. Бакирова  іс-шара өткізді.

Жоспар бойынша « Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша, дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына ата-аналардың жауапкершілігі» атты ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысына 1 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін ата-аналар қамтылды. Жиналыс барасында күн тәртібіне байланысты мектеп педагог-психологтары Н.Ә.Бакирова мен П.Е.Андагулова жоғарыда аталған тақырып бойынша мәселелер қарастырды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтар мен мәлелелерге жан-жақты түсіндіріліп, қамтылды.

Қысқы демалыс кезінде  5 «А»,5 «Ә»,5  «Б» сынып  оқушыларымен  педагог-психолог П.Е.Андагулованың ұйымдастыруымен “Өзіңе деген сенімділігіңді арттыр және өзіңді-өзің бағала” атты тренинг өткізді.

мақсаты: білім алушының өзіне деген сенімділікті қалыптастырып, пайдалы қарым-қатынас алгоритмін меңгерту;  Өзге адамның пікіріне, бағасына, сынына тәуелділікті жеңу; Ішкі еркіндік, қарым- қатынас пен іс-әрекеттегі батылдықты дамыту;

Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг « Қарым-қатынасты қалыптастыру  және нығайту».

Психологиялық тренингтің мақсаты: Ұжымда сенімді қарым-қатынасты оранату, қалыптастыру және нығайту. Психологиялық тренингтен ұстаздар белсене қатысып,алғыстарын білдіріп,жағымды  әсермен көңіл-күй алды.

Ұстаздарға арналған психологиялық тренинг « Қарым-қатынасты қалыптастыру  және нығайту».

Психологиялық тренингтің мақсаты: Ұжымда сенімді қарым-қатынасты оранату, қалыптастыру және нығайту. Психологиялық тренингтен ұстаздар белсене қатысып,алғыстарын білдіріп,жағымды  әсермен көңіл-күй алды.

Орындаған:     Бакирова Н.

                            Андагулова П.Е.