Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Қабден Шыңғысов атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог кадрлары туралы ақпарат
2020-2021 оқу жылының басында мектебімізде 67 мұғалім жұмыс жасайды. Кадр қызметкерлерінің жетіспеуіне байланысты мектебімізде 11 қоса атқарушы мұғалім жұмыс жасады. Мектебімізде 11 мұғалім бала күтіміне байланысты демалыста, 7 зейнеткер мұғаліміміз бар. 2020-2021 оқу жылында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде пән бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсына 2020-2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарға сәйкес 19 мұғалім жіберілді. Барлығы биылғы оқу жылында біліктілік арттыру курстарынан өткендігін растайтын Сертификаттары бар. 2021-2022 оқу жылында перспективалық жоспарға сай курстан өтетін мұғалімдердің тізбесі жасалынды. Қалалық білім бөліміне курсқа баратын мұғалімдер тізбесі жіберілді.









